Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері «Жолда қабылдау» республикалық акциясы шеңберінде аудан тұрғындарымен кездесті.
Аудан тұрғындары көптеп жиналған аталмыш акцияда «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өтепберген Оразғалиев бұл іс-шараның басты мақсаты – тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік құрылымдарға, оның ішінде жол полициясы қызметіне азаматтардың сенімін арттыру және партия мен ел-жұрт арасындағы байланысты нығайту болып табылатындығын айтып, қатысушылардың барлық сауалдарына жауап беретіндігін жеткізді.
Акция барысында жол жүргізушілеріне консультациялар беріліп, көлік жүргізушілердің ой пікірлері тыңдалды.
Г.ИГІЛІКОВА.