«ЖҰЛДЫЗАЙДЫҢ» ЖҰЛДЫЗДАРЫ

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДА ИНКЛЮЗИВТІ ОРТАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТУ, ОЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ, ӘР БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘЛЕУЕТІНІҢ АШЫ- ЛУЫНА ҚОЛДАУ ЖӘНЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘРКЕЗ МАҢЫЗДЫ. ОСЫ ОРАЙДА «ЖҰЛДЫЗАЙ» БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ЖЫЛ САЙЫН ӨТКІЗІЛІП КЕЛЕДІ

Өткен аптада аталмыш фестивальдің аудандық кезеңі Индер балалар өнер мектебінде өтіп, 10-16 жас және 13-16 жастағы оқушылар вокал, хореография кезеңдері бойынша өнерлерін ортаға салды. Алдымен аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұргүл Рахметқалиева байқаудың маңыздылығына тоқталып, қатысушы өнерпаздарға сәттілік тіледі. Ал, қатысушыларға аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұргүл Рахметқалиева, Индер балалар өнер мектебінің хореография класының мұғалімі Нұрайым Мұхтарова мен Индер балалар өнер мектебінің вокал класының мұғалімі Айдар Досымов қазылық етіп, бағалады. Байқау аясында вокал номинациясы бойынша « Көктем» қазақ орта мектебінің 4-сынып оқушысы Раушан Нұрсәт «Әжем», 4-сынып оқушысы Арман Тасқалиев «Белые розы», М.Әуезов атындағы орта мектептің 5 орыс сынып оқушысы Жаннұр Ғазиз «Мама», С.Сейфуллин атындағы орта мектептің оқушысы Адият Қанатқали «Мен қазақпын», «Көктем» қазақ орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сабыр Сағындық «Дарите женщинам цветы», Жамбыл атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Мадияр Сатжанұлы «Бауыр керек», Қ.Абаханов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Абылай Меңдеш «Мен қазақтың баласы», Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Жұмағали Сиражан «Әке-ана», Махамбет атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Сұңғат Мерекеұлы «Анаға сағыныш», 8-сынып оқушысы Алтынай Тілегенқызы «Қазақстан – Отаным» деп ән салды.

Ал, хореография (би) бағамы бойынша М.Мөңкеұлы атындағы орта мектептің 4-сынып оқушысы Дарын Қанат «Асық», Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің 3-сы- нып оқушысы Оралбайқызы Кәусар «Бақыт құсы», М.Сиранов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Айым Жаңбырбай «Сылқылдақ», Жамбыл атындағы орта мектептің 10 оқушысы Ба- тима Саудабаева «Қамажай», Ма- хамбет атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы Ұлдана Еңсеген «Шашу» биін мың бұрала биледі.

Өнерлі өрендер арасында өткен фестиваль нәтижесінде вокал номинациясы бойынша 10-12 жастағы балалар арасында Арман Тасқалиев І орын, Жаннұр Ғазиз ІІ орын, Адият Қанатқали мен Раушан Нұрсәт ІІІ орын, ал 13-16 жастағы балалар арасында Алтынай Тлегенқызы І орын, Жұмағали Сиражан мен Меңдеш Абылай ІІ орын, Мерекеұлы Сұңғат, Сабыр Сағындық мен Мадияр Сатжанұлы ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, хореография номинациясы бойынша 10-12 жастағы балалар арасында Қанат Дарын І орынды жеңіп алса, Кәусар Оралбайқызы ІІ орын, Айым Жаңбырбай ІІІ орын, 13-16 жастағы балалар арасында Батима Саудабаева І орын, ал Ұлдана Еңсеген ІІ орынды иеленді. Байқау соңында барлық өнерпаздарға Диплом мен естелік сыйлықтар табысталып, қуанышты көңілмен естелік суретке түсіп, тарқасты.

Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT