Жерлестеріміз құрмет төрінде

"Жер топырағымен, ел азаматымен" дейді дана халқымыз. Дендер жері небір ғұламаларға, небір өнер майталмандарына кенде болмаған мекен. Туған жердің төсінде дүниеге келіп, еңбекпен шыңдалған тұлғалар тізбегі үзілген емес.

Республика күні қарсаңында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амантай Берғалиев «Құрмет» орденімен, қазақтың ақын қыздарының бірі, «Шабыт» жастар сыйлығының лауреаты, жерлесіміз Әлия Дәулетбаева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Бұл марапат – сан жылдар бойы өнер мен мәдениет әлемінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан еңбегіңіз бен өнерге деген адалдықтың үлгісі.

Марапаттарыңыз құтты болсын!

 

Ж.НАРИМАНОВА 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

AQPARATPRINT