Жерлесіміз бас қалада бас байрақты бермеді

Мұхаммад Оразай 2018 жылдан бастап 4 жыл қатарынан 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы техникалық оқу орындарының студенттері арасында қалалық деңгейде ұйымдастырылған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты дәстүрлі жас ақындар мүшәйрасына қатысып, жүлдесіз қайтпаған.

2018 жылы «Таң Шолпан» бағдарламасына қонаққа шақырылып, 2019 жылы «Жас ақын» төсбелгісімен наградталса, 2020 жылы бас жүлдеге ие болды. Ал, 2021 жылы І орынға лайық деп саналған.

«Елбасының нұрлы жолы», «Елбасы» атты туындылары «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты жас ақындардың өлеңжырларының топтамасына еніп, оқырман назарына ұсынылған. Индербор кентінде дүниеге келген ол «Көктем» қазақ орта мектебінде 9 жыл білім алып, кейін Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғары көлік және коммуникация колледжінің энерго-менеджмент факультетіне оқуға түседі.

Қазіргі таңда аталған колледжде 4 курс оқып жатыр. Мектеп кезінен әдебиет пәніне жақын болып, аудандық байқауларда жүлдегер атанған оның зеректігін байқап, қаламын ұштаған ұстазы Эльмира Әбдрахманова апайы екен. Анасы Светлана Жақсылыққызы ұлының жеткен жетістігіне әрдайым қуанып, тілекші болып отыратындығын жеткізді. – Баламның ақындық жолға жақын болуы нағашыларынан берілген қасиет деп ойлаймын. Әжесі де өлең жазып, бала кезінде білгенін үйретіп отыратын.

Міне, бүгін сол күндердің жемісін көріп отырмыз,-деді ол шаттана. Айта кетейік, Мұхаммад Раджұлы жақында ғана «Stand Up» жобасының негізін қалаушы А.Тюлюгеновтың атынан «Маусымның үздік жас комик ойыншысы 2020-2021» номинациясымен наградталып, Мәскеу қаласына жолдама алды. Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT