Жақында Индер аудандық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика, құқық қорғау және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтіп, оны комиссия төрағасы Ж.Амантурлин жүргізді. Күн тәртібінде жер учаскесін мемлекеттің мұқтажына алу үшін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу шарт жобасына келісім жөнінде аудандық жер қатынастар сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ардақ Үсенқызы хабарлама жасады.
Онда ұққанымыздай, автомобиль жолы құрылысын жүргізу үшін кәсіпкер Арман Төлегеновке тиесілі Бейбарыс көшесі No4 «Б» орынындағы 0,0360 гектар жерді кәсіпкерге басқа жерді ұсына отырып қайтару. Оған тұрақты комиссия отырысына қатысқан кәсіпкер А.Төлегенов келісімін бергенін растады. Ал кент әкімі А.Аймұратов:
- Кезінде көптеген жерді жоспарсыз тұрғындарға беріп жіберген. Бүгінгі таңда сол жерлер көптеген кедергі келтіріп отырғандықтан осындай амалдар жүріп жатыр,-дейді. Тұрақты комиссияға қатысқан өзге де депутаттар күн тәртібіндегі мәселені қолдап, келісімін берді.
Өз тілшіміз
Сурет дереккөзден