Жемқорлық қоғамды жаулаған індет

Жақында аудандық «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау жөніндегі мониторингтік топ мүшелерінің арнайы отырысы өтті.

Онда аудандық білім беру мекемелерінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну, мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалысы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру бағытында атқарылған жұмыстар, қаржының игерілуі және өзекті мәселелер мен оның шешу жолдары, бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарының есебі тыңдалынды. Оған аудандық «Дендер» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, аудандық мәслихат депутаты, мониторингтік топтың жетекшісі Жанай Амантурлин төрағалық жасады.

Әуелі аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Шакимов аудандағы мектеп асханаларында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жеңімпаз деп танылған кәсіпкерлердің келісімшарт бойынша жұмыс жасап жатқанын жеткізіп, мерзімдерін ұзартқанын айтты. Сондай-ақ бүгінгі таңда аудан бойынша 15 білім беру ұйымдарындағы 1-4 сыныптардағы 2254 балаға ыстық тамаққа – 95 532 мың, ал 5-11 сыныптағы аз қамтылған отбасыларынан шыққан 346 балаға 12661 мың теңге қаржы бөлініп, тегін тамақпен қамтамасыз етілгені баяндалды. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу веб-порталы бойынша сатып алынған тауарлар мен жұмыстардың есебін мәлімдеді.

Толығырақ газеттің №49 (8200) санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT