ЖЕКЕ ТАБЫСТАН ШЕГЕРІЛЕТІН ШЕГЕРІМДЕР

Салық Кодексінің  346  бабы  бойынша:

  1. Мыналар стандартты шегерімдер болып табылады:

1) ең төмен жалақы мөлшері. Стандартты шегерім әрбір күнтізбелік ай үшін қолданылады. Күнтізбелік жыл үшін стандартты шегерімнің жалпы сомасы ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;

I, II немесе III топтағы мүгедек;

мүгедек бала болып табылатыны мүгедек бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай мүгедек бала үшін – оның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі; 

«бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына әрбір осындай адам үшін – оның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін – бала  асырап алушылардың бірі;

жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасыға беру туралы шарттың қолданылу мерзімі кезеңінде әрбір осындай адам үшін – жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасыға қабылдап алған ата-аналардың бірі болып табылатыны негізінде күнтізбелік жыл 882 айлық есептік  көрсеткіш еселенген мөлшері яғни, айлық көрсеткіш  3063 теңге 882  еселенгені  2 701 566 теңге.

Осы тармақшаның ережелері:

қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық ұйымдар, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшіліктерінің жұмыскерлеріне қатысты олардың осындай ұйымдармен еңбек қатынастарында болуына байланысты;

Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасына сәйкес асырап алынатын баланың (балалардың) анасымен немесе әкесімен некеге тұратын (ерлі-зайыптылықта болатын) адамдарға қатысты қолданылмайды.

  1. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген стандартты шегерімдер осы салықтық шегерімдерді қолдану үшін негіз туындаған, бар немесе болған күнтізбелік жылда қолданылады.

 

Индер ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521