ӘЖЕЙДІҢ БАҒЫ

Биыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы жариялануы – еңбек адамын ұлықтау мен қарапайым еңбектің қадірін арттырудың айқын көрінісі. 

Еңбек десе, көз алдымызға аянбай тер төгіп жүрген қарапайым адамдар елестейді. Солардың бірі арамызда еңбектің нағыз үлгісін көрсетіп жүрген жан – Аманғалиев Қанат атаның жұбайы Хисмина Талшын әжеміз. Әжем өзінің ауласында түрлі түсті гүлдер өсіреді. Күнде таңертең ерте тұрып, су құйып, гүлдерін күтіп-баптайды. Соның арқасында әжемнің ауласы жайқалып, әдемі баққа айналған.

Талшын әже жасы жетпістен асса да, ауласын әсем гүлдерге толтырып, айналаны көркейтуге ерекше үлес қосып келеді. Әрбір жайқалған гүл – әжемнің төккен терінің, аянбай жасаған еңбегінің айғағы. Көрші әженің бағына кірген жан ерекше әсер алып, табиғат сұлулығын тамашалайды.

Гүлдер тек әдемілік қана емес, олар еңбектің құдіретін, адамның төзімі мен ізгі ниетін паш етеді.
Биыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы аталып өтіп жатқандықтан, мен бұл мерекенің мәнін өз әжемнің еңбегі арқылы жақсы түсінемін. Бұл гүлдер тек әсемдік үшін ғана емес, еңбектің жемісі екенін көрсетеді.

Әжемнің бағы бізге еңбекқорлықты, табиғатты аялауды үйретеді. Осындай адамдардың еңбегі бәрімізге үлгі.

Әлинұр МЕДЕТҰЛЫ,
М.Сиранов атындағы орта мектептің
3-сынып оқушысы, Елтай ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT