Жастар – таза қала үшін!

Атырау қаласында «Жастар рухы» жастар қанаты» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының бастамасымен «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылды.

Акцияға университет пен колледждің отыз шақты белсенді жасы қатысты. Іс-шара барысында командаға бөлінген жастар «Алмагүл» шағынауданындағы тұрғын үйлердің маңын қоқыстан тазартты. Қоғамдық бірлестік төрағасы Абылай Құрметұлы «Таза бейсенбі» акциясы қаланың экологиялық жағдайын жақсартып, тазалықты сақтау мақсатында өткізіліп отырғандығын айтты.

– «Таза бейсенбі» акциясы республика бойынша өткізілуде. Акцияға «Жаңа жастар» еріктілер тобы, жастар мәслихатының жастары да қатысып жатыр. Бұл іс-шара облыс көлемінде де ұйымдастырылуда. Осы арқылы әсем табиғатымызға қамқорлық танытуды көздейміз. Сондай-ақ тұрғындардың қоршаған ортаға деген оң көзқарасын қалыптастыруды да мақсат тұттық, – деді А.Құрметұлы.

Акцияға қатысқан жастарға тазалық жұмыстарынан соң тәттілер үлестіріліп, олар ерекше көңіл-күймен тарқасты.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521