Президент Жолдауында айтылған жасанды интеллектті дамыту бағыты – уақыт талабы.
Бүгінгі таңда бұл технология барлық салаға еніп, адам өмірін жеңілдетуге үлкен үлес қосуда.
Елімізде ЖИ-ді оқыту жүйесіне, медицинаға, ауыл шаруашылығына енгізу – экономиканы жаңа деңгейге көтеретін нақты қадам деп білемін.
Менің ойымша, жастар осы мүмкіндікті пайдаланып, жаңа технологияларды меңгеруге ұмтылуы керек.
Жасанды интеллект – болашақтың тілі, сондықтан еліміздің дамуы осы бағытпен тығыз байланысты.
А.Төлеген,
кент тұрғыны


