ЖАС ЖҰБАЙЛАР ДАУЫС БЕРДІ

Әрбір сәт адам баласы үшін ұмытылмас шаққа айналары сөзсіз. 2024 жылдың 6 қазаны Индерлік жастар Тілек Төлеуов пен Мөлдір Сансызбаева үшін ұмытылмас ерекше есте сақталатын күн болыып отыр.

Өйткені екі жас дәл осы күні жүрек қалауларымен жұп құрып отбасылық одақтың босағасын аттады.

Махаббат әлемінің қос қарлығашына айналған ғашық жандар бұрын дауыс беруге жалғыз келсе осы бұл күні жұп болып келді. 111 учаскелік референдум комиссиясына келген жұбайларды өзгеде дауыс берушілер мен комиссия мүшелері зор қошеметпен қарсы алды.

-Бізүшін осындай маңызды күн қуанышымыз референдуммен тұспа тұс келгеніне қуаныштымыз. Өз дауысымызды болашағымыз үшін лайықты таңдау жасадық,- дейді жас келін Мөлдір Сансызбаева.

Қуаныш пен толқыныс қатар өрілген екі жасқа учаскелік референдум комиссиясы атынан бағалы сыйлық табыс етіліп болашақтарына баянды бақыт тіледі.

Сұңқар КӨШЕКОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT