Егер Сіз 14 пен 29 жас аралығындағы жұмысы жоқ немесе қандайда бір әлеуметтік қолдауды қажет ететін жас болсаңыз, өзіңіздің әлеуметтік жобаңыз арқылы 1 миллион теңге грант ұтып алуға толықтай мүмкіндігіңіз бар. Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі мен ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бастамасымен «Жастар жылына арналған «Zhas Projekt» жобасына қатысушыларды қабылдау басталды.
Кем дегенде 3 адаммен бірлесіп әлеуметтік бағыттағы өз бизнес жобаңызды ойлап тауып, оны арнайы ақпараттық базаға енгізгеннен кейін 3 кезеңнен тұратын іріктеу сынынан өтсеңіз, 6 ай ішінде аталған жоба аясында екі таранштан тұратын 500 мың теңгелік (жалпы сома 1 миллион) демеуқаржы арқылы өз ісіңізді бастайсыз. Тек 6 ай бойы жобаның талаптарына сәйкес өз бизнес жобаңызды әлеуметтік бағытта бастасаңыз болды.
Жобаның мақсаты - әлеуметтік аз қамтылған немесе жұмыссыз жастарды қоғамға бейімдеу. Әлеуметтік бастамалары бар, өз кәсібімді ашамын деген жастарға қайтарымсыз қаржы алуына мүмкіндік туып отыр. «Жастар корпусын дамыту» жобасына құжаттарды қабылдау 15 наурыздан – 15 сәуірге дейін жалғасады. Жоба туралы толық ақпаратты 87013720291, 87025475396 нөмерлерінен алуға болады.
А.Нұржанова,
"ZHAS PROJECT» жобасының ақпараттық консультанты.