Бүгін аудандық мәдениет үйінде мемлекеттік қызметшілер мен полиция, судья мен сот орындаушы, және медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.
Аудан әкімі Серік Нысанбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Абзал Рамазанов сала қызметкерлерін мерекемен құттықтап, марапаттады.
Мерекелік шарада мемлекеттік қызмет және білім саласының ардагері Серікқали Жұқиевқа «Индер ауданының Құрметті азаматы» атағын және аудандық аурухананың акушері Ақжайық Ермұхамбетоваға ауданның Құрмет грамотасын табыс етті.
Сонымен қатар, жас мемлекеттік қызметшілер ант қабылдап, оларға қызметтік куәліктер табысталды.
Мерекелік шара Нұрмұхан Жантурин атындағы облыстық филармония ұжымының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Жадыра НАРИМАНОВА
Суреттер автордікі