ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСАЙЫҚ

Міне, санаулы күндерден соң алғашқы қоңырау соғылып, балалардың мектепке барар сәті де жақындай түседі. Ал оларға жаңа оқу-құралдары мен мектеп формасын сатып алуда көбінің қалтасы көтере бермейтіндігі рас. Жаңа оқу жылына даярланып жатқан ата-аналар мен балалардың осынау қарбалас сәтінде «Мектепке жол» республикалық акциясы қиыншылықтарын жеңуге бағытталған игі шара болса керек.

Биыл «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы елімізде 3 шілде мен 30 қыркүйек аралығында ұйымдастырылуда. Білім және ғылым министрлінінің бұл бастамасы «Жүректен-жүрекке» ұранымен өткізілуде. Қайырымдылық шарасының мақсаты – тұрмысы төмен, көп балалы отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде материалдық және қаржылай көмек көрсету болып табылады.

Өткен оқу жылы бойынша ауданда 502 көмекке мұқтаж оқушыға 3 млн. 587 мыңның қаржылық және материалдық көмегі көрсетілді. Ал биыл ол көрсеткіш 63 балаға артып отыр. Әрине бұл көрсеткіш тамыз айында нақтыланатын болады. Оларға да акция кезінде тиісті көмектер көрсетілетін болады. Сондай-ақ ағымдағы жылдың сәуір айында әлеуметтік жағдай төмен 175 отбасы балаларына жалпыға бірдей мектеп қорынан 11 млн.-ға жуық қаражат бөлініп, толық қысқы, жазғы мектеп формаларына алуға жағдай жасалыпты.

Облыстың бас ұстазы Ж.Төремұратова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифи-нгте акция кезінде қолдау көрген балаларды жұртшылыққа паш етудің қажеті жоқ екенін, себебі ол бала материалдық-моральдық қысым алатынын жеткізді. Тек бұл жағдайда өзгелерді жақсылық жасауға шақырып, үлгі болу үшін балғындарға қолдау көрсеткен демеушілерді атап өтуге болаты-нын айтты. Жыл сайынғы өткізіліп жатқан осынау шараға демеушілер тарапынан көрсетілген көмектер мен қолдаулардың үлесі зор. Биыл да республикалық акциясыға барлық деңгейдегі мекеме басшылары, округ әкімдері, кәсіпкер азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ, мектеп басшылары да атсалысатын болады.

Ал өз кезегінде жаны жомарт жандар болса жақсылық жасап жарысайық дегіміз келеді.

Диас АҒЫСҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика