Жанындағыларды жарылқаған жігіттер

Индердегі желілік-өндірістік газ басқармасында жұмыс істейтін инженер-техник, оператор-машинистер Алтынбек Салықов, Бақдәулет Кенжеғалиев, Азамат Тілепберген, Нұрлан Мақсотов, Айымгүл Жұмағалиева, Айбар Ермұхамбетов, Әлімжан Тілекқабылов, Русланбек Таласов есімді жігіттер Индерборлық жоқ-жітік отбасыларға көмектесті.

Оларды халық кәсіпорын кәсіподақ комитетінің төрағасы Аманқос Қапсәлімов те қолдап, «Интергаз-Орталық Азия» АҚ бас директоры В.Б.Хан бекіткен «Жастар-ИЦА» атты арнайы ізгілікті жоба сала бойынша іске асырыла бастағанын жеткізді.

Олар үйлеріндегі бас артық киім-кешектерді жинақтап, Индербордағы «Әйіп қажы» мешітіне табыс еткен. Сондай-ақ 90 жастағы Рания Мұхамбетжанова әжейдің мекен-жайындағы ескі ток есептегішін жаңасымен ауыстырып, қондырып берді. Сонымен бірге үй-ішін ретке келтіріп, қираған-бүлінген жиһаздарын, олардың есіктеріне дейін жөндеп, үлкен ксінің алғысына бөленіпті.

С.ХАЛЫҚОВ,

Индербор кенті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT