Жаңа жатақхана пайдалануға берілді

Индербор кентінде Тәуелсіздік мерекесіне орай Индер көпбейінді ауыл шаруашылығы колледжінің 100 орынды жатақханасы ашылды.

Жалпы ауданы 1914,1 шаршы метр 4 қабатты жаңа ғимаратта екі кісілік 12 бөлме, үш кісілік 15 бөлме және төрт адамға арналған 4 жатын бөлме орналасқан.

fb_img_1608104747669

Әр бөлме заман талабына сай қажетті жиһаздармен ( керует, киім ілетін шкаф, үстел) жабдықталып, жуынатын бөлме мен әжетхана да бар. Сондай—ақ асхана және кір жуатын орында қарастырылған.

fb_img_1608104753570

fb_img_1608104761196

Келісім шарт бойынша 2019 жылдың сәуір айында басталған құрылыс жұмыстары 2020 жылдың желтоқсан айында «Ақ Жол Құрылыс» ЖШС-і мекемесінің мердігерлігімен аяқталды.

fb_img_1608104756644

fb_img_1608104763515

Айта кетейік, жатақханада барлық инженерлік желілер орталықтандырылған коммуникациямен қамтамасыз етілген. Бұл жерде тек студенттер ғана емес, колледж оқытушылары да тұрады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT