Индербордың оңтүстік батысында бой көтеріп жатқан жаңа мөлтек ауданда алғашқы 4 қабатты 48 пәтерлік 4 үйдің құрылысы қыза түсуде.
Бүгінде екі үйдің іргетасының бетон блоктарын орнату аяқтала келді. Әрбір тұрғын үйдің құны-467 543 596 теңгені құрайтын құрылыс жұмыстарын ақтаулық «Еврострой-А» ЖШС жүргізуде. Учаске басшысы Сергей Баймурзиннен сұхбат алғанымызда, жақын арада алғашқы қабатын салып бастайтындығын, құрылысқа қажетті материалдар Ақтаудағы темір бетон зауытынан және ұлу тастары Жетібайдан тасымалданып отырғанын, әттеген-айы тасымал барысында теміржол жағынан қиындық көріп қалатындығын жасырмады.
-Қазір құрылыс басында 16 адам еңбек етуде. Аудандық жұмыспен қамту бөлімімен байланыс жасап отырмыз. Жергілікті жерден арнайы құрылыс мамандары болса бірден қабылдар едік. Олардың жалақылары да жоғары болар еді, - дейді учаске басшысы С.Баймурзин.
Саламат Б