Жалға алдың ба? Құнын төле!

Кенттегі жалдамалы үйлердің берешегі бар екендігін осыған дейін де ақпарат құралдарында жариялаған болатынбыз. Десек те берешек құны азайған жоқ. «Болашақ» ықшамауданындағы «Ару ана» кешені, «Көктем» ықшамауданындағы №62 үй, Махамбет көшесіндегі №43А және 43Б үйлер, Тайсойған көшесіндегі №46 үй тұрғындарының жалпы берешек суммасы 21 168 908 теңгені құрайды.  Ең үлкен берешек суммасы 400 000 теңгеден асқан.

Индербор кенті әкімі Шалқар Альмурзиевтің айтуынша, бүгінде берешегі бар тұрғындарға ескерту хаттары жолданып, нәтиже шығармаған 7 тұрғынның құжаттары сотқа берілген. Нәтижесінде 3 тұрғынға бөліп төлеу бойынша шешімі шығарылып, 7 752 537 теңге өндірілген.

Жекелей тоқталар болсақ, «Болашақ» мөлтек ауданы «Ару ана» кешеніндегі тұрғындардың берешегі 5 млн-нан астам, Махамбет көшесіндегі №43 «А», «Б» үй иелерінің берешегін қосқанда 8 млн-нан астам, «Көктем» мөлтек ауданындағы №62 үй тұрғындарының берешегі 6 млн-нан астам, ал Тайсойған көшесіндегі №46 үй тұрғындарының берешегі 1 млн теңгеден астам.

Бұл баспаналар кезінде әлеуметтік жағынан осал топтарға, көп балалы аналарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға жалға берілген. Пәтер көлеміне қарай тұрғындар әр ай сайын 10-15 мың теңге  төлеуі қажет.

Сонымен қатар, аталған тұрғын үйлерге мониторинг жүргізу кезінде жалдамалы пәтерді үшінші тұлғаға жалға беру фактісі анықталып отыр, бұл келісімге сәйкес келмейді. Бұл бағытта да тұрғындармен түсінік жұмыстары жүргізілуде.

 

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT