Жаңа сұлулық салоны ашылды

Жақында кент орталығында жаңа «Diаmond» сұлулық салоны ашылды. Салонның иесі 22 жастағы Әсемгүл Болатқызы кәсіптің бұл түріне бала кезінен қызыққан.

– Сән әлеміне көңілім ауған сәтте ең алғаш әр түрлі шаш үлгілеріне қызықтым. Шаш сәндеуді үйренуге деген ынтам үлкен дүниелерді армандауға жол ашты. Мақсатқа жету үшін тыңбай еңбек етіп, тәжірибе жинадым. Мұнда келушілер барлық қызмет түрін жоғары бағалайтын және біздің мамандарға сенетін дәрежеге жеткізгім келеді, – дейді ол.

Айта кету керек, жаңадан ашылған сән салонында кәсіби білікті мамандар жұмыс жасайды. Олар маникюр, шаш сәндеу, қас-кірпікті әсемдеу секілді қызметтерді көрсетеді. Оған қоса, ерлер, әйелдер және балалардың шаш қиюымен, бет әрлеу түрлерімен халыққа қызмет көрсетеді. Сондай-ақ 6 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырғандығын айтады.

Нысанның ашылу салтанатында сөз алған кент әкімі А.Аймұратов жаңа орталықтың лентасын қиып, жұмыстың нәтижелі болуына ақжарма тілектерін жеткізді. Осыдан кейін ашылу салтанатына келген қоңақтар жаңа нысанның ішін аралап көрді.

Г.ИГІЛІКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT