ЖАҢА КЕШЕН БОЙ КӨТЕРДІ

суреттер автордікі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында елімізде бұқаралық спортты дамытудың өзектілігіне тоқтала отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру маңызды міндеттердің бірі екенін айрықша атап өткен болатын. Осыған орай жасөспірімдерді жасынан-ақ спортқа баулу, ол үшін заманауи үлгіде жарақтандырылған спорт кешендерін салу міндеттелген-ді.

Осы орайда осы кезге дейін Өрлік, Есбол ауылдық округтерінде спорт кешендері салынса енді, міне, ауданның бұқар жақ бетінде орналасқан  Жарсуат ауылында да денешынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша бой көтерген кешенде волейбол, футбол, еркін күрес, баскетбол сынды спорт түрлерімен 200-ге жуық баланың бір мезетте айналысуға мүмкіндігі бар.

w

Кешеннің ашылуында аудан әкімі Дарын Шамұратов сөйлеп, қуанышпен құттықтады.

Барлығы 2 мыңнан астам халқы бар ауылдағы жаңа нысан аудандық құрылыс бөлімінің тапсырысымен салынған. Ол үшін республикалық және облыстық бюджеттен жарты миллиард теңгеге жуық қаржы бөлініпті. Құрылыс жұмыстарын шымкенттік «Корпорация Ақ Орда» мекемесі жасаған.

  • Сұңқар КӨШЕКОВ

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT