Индер ауданы әкімінің өкімімен Иғалиев Жеңіс Қуанұлы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына уақытша тағайындалды.
Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Гүлнұр Сүйеуова бөлімге арнайы келіп, жаңа басшыны ұжымға таныстырды. Бөлім ісін одан әрі жандандыра түсуде жаңа басшының білімі мен білігі жететініне сенім білдірді.
Жаңадан тағайындалған басшы аудан басшылығының артқан сенімін ақтауға уәде берді.
Айта кетейік, Жеңіс Иғалиев осы қызметке дейін аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры қызметін атқарған болатын.
"Дендер"-Ақпарат