Салық қызметі органдарындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету басым міндеттердің бірі болып табылады. Бұл міндетті шешу үшін ұзақ мерзімді стратегиялық шаралар мен нақты тапсырмаларды жүзеге асыру қажет. Соның бірі көпшіліктің осы іске бір кісідей атсалысуы болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтпей, алға қойған мақсатымызға толық жете алмаймыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бір мезеттік,лездік, уақытша жүретін шара емес, үздіксіз жүргізілуді, көп болып қарсы тұрып ауыздықтауды қажет ететін ауқымды іс. Халыққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте білімділік жетіспейды. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жалпы мемлекеттік саясат мәртебесі беріліп, оның алдын алу мен болдырмау бағытындағы құқықтық іс-шара жүйелі және кешенді сипат алуда.
Салықтық қызмет сапасын арттыру үшін салық органдары қызметкерлерінің атқарып отырған жұмыстары қатаң бақылауға алынған. Салықтық қызмет сапасын арттырудың регламенті бойынша жұмыс атқару жолға қойылып, күні бүгінге оның көрсеткіштері оң нәтижесін беруде. Салық есептіліктері электронды түрде табыс етіліп, 100 пайызға жуығы электронды түрде қабылдануда.
Салық есептемесінің тапсыру мерзімдері туралы газет бетіне хабарландырулар беріліп отырады. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер салық есептемесін тапсыру мерзімдерінен кешіктірмеу үшін, газет бетіне берілген хабарландыруларды міндетті түрде қаперіне алу керек. 2011 жылдың 4 тоқсаны бойынша, 2012 жылға жер, мүлік салықтарының ағымдағы есептемелерінің тапсыру мерзімі жөнінде қаңтар айында газет бетіне хабарландыру берілді. Ағымдағы жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей 2011 жыл үшін жер, мүлік, көлік салықтарының, жеке табыс салығы, бірыңғай жер салығы бойынша жылдық декларациялары табыс етілуі тиісті. Бүгінгі таңда салық есептілігін табыс етудің білімділігі жағынан салық төлеушілердің 30 пайызы ғана жоғарғы көрсеткішті құрайды, бұл салық мамандарына салық есептілігін қабылдағанда едәуір кері әсерін тигізіп, уақытын алып жатады. Салық төлеушілерге білімділік жетіспегендіктен әкімшілік айыппұлдар салынып, жұмысына әсерін тигізуде.
Заңды тұлға мен жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар кәсіпкерлік мақсатта жер немесе мүлік алған болса салық органына құжаттарын табыс ету керек, кәсіпкерлік қызметті бастамастан бұрын салық органына келіп, кеңес алуы тиісті. Қазіргі кезде интернеттің www. salyk.кz сайтында салық нысандары, оны толтыру мен табыс ету ережелері орнатылған, соған назар аудару қажет. Осындай шараларға салық төлеушілер жұмыла қатысып, білімділігін арттырған жағдайда жемқорлыққа тосқауыл болуы бірден бір ықтимал.
Г.Ж.Берниязова
Индер ауданы бойынша
Салық басқармасының
бас маманы