Жүк көліктерінің жыры қайта басталды

Биыл да жылдағы «Атырау-Индер» тас жолының сапасын сақтап, ауыр жүк көліктерін жүргізбеу талабы көтеріліп отыр.

Бұл жөніндегі тиісті бақылау орнату, тәртіпке шақыру туралы талаптар құзырлы органдар мен жүргізушілер, кәсіпкерлер алдына облыс әкімі Н.А.Ноғаев 2015 жылы қойса да асфальт жолға, басқасын айтпағанда Жарсуат округінің жерінен далалықты кезген ауыр жүк көліктерінің суреттері әлеуметтік желілерге салынып, тұрғындардың дабыл көтеруіне негіз болуда.

Сондықтан да облыс әкімінің арнайы тапсырмасына сай және осы бағыттағы облыста өткен жиналыстың шешімімен Индер ауданын жерінен инертті материалдар тасушы үлкен жүк көліктерінің қозғалыс кестесі жасақталып, аудан әкімі Мейірім Қалауи оны жергілікті жерде орындаудың тиісті шарасын алуды міндеттеуде.

Мұндағы мақсат-қомақты қаржыға салынған жолды сақтап, оның пайдалану мерзімін ұзарту. Ол әсіресе, жүргізуші мен кәсіпкер ағайындар, сіздерге байланысты болып отыр. Ал тиісті бақылау мен тәртіпке шақыру орындары бұл бағыттағы жұмыстарын жетілдіре түскені керек-ақ.

С.БИСЕНОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT