Индер инспекция бөлімі аудан тұрғындарынан қызыл кітапқа енген қызғалдақтарды (Шренк, Биберштейн) заңсыз алу, сақтау, сату, тасымалдау не жойып жіберу әрекеттері бойынша заң алдында жауапкершілікте болатынын мәлімдейді.
Осы әрекеттерді жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 339- бабында «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысуға» сәйкес 3 мың АЕК көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді. 2019 жылғы АЕК-2525 теңге ескерсек, аталған заңсыздыққа барған адам 2525х3000=7 575 000 теңге айыппұл төлейді немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Егер оның гүлін жұлып алса, өсімдіктің қоректене алмай өліп қалатыны белгілі. Қызғалдақтар солай жойылып кетуі немесе біраз жылға дейін өспеуі мүмкін. Сондықтан, табиғатты қорғау баршаға бірдей міндет екенін естен шығармайық.
А.Хасанова,
Индер инспекция бөлімінің бас маманы