Қараша айының 12-сі мен 23- і аралығындағы аудандық пробация қызметі тобының инспекторы және аудандық ІІБ-нің жергілікті полиция инспекторлары бас бостандығынан айыруымен байланысты емес жазаларға сотталғандардың тарапынан жаңадан құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу мақсатында профилактикалық шара өткізді.
Оның барысында тұрғылықты мекенжайлары бойынша 30-ға тарта сотталғандардың тұрғылықты жерлері тексерілді. Қуантарлығы сол, құқық бұзушылық болған жоқ. Сонымен қатар, «Есепте тұрған» іс-шаралар өткізу барысында пробация қызметі тобының есебінде тұрған тұлғаларды, олардың тарапынан құқық бұзушылықтар бойынша деректер базасына тексерістер жүргізілді.
Б.ҚАНАТБАЕВА,
аудандық ПҚТ-ның инспекторы.