Үздік суретшілер анықталды

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Индер аудандық Полиция қызметкерлерінің балалары арасында байқау өтті.

Мәселен, «Мен бақытты баламын» тақырыбындағы ең үздік сурет салудан Индер АПБ Кадр инспекторы полиция аға лейтенанты А.Салимованың ұлы Бибарыс Сәлім «Ең үздік сурет» бойынша үздік деп танылды. Ал қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңына ақын өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқудан 4-6 жас аралығы бойынша Индер АПБ Тылмен қамтамасыз ету тобының старшинасы, полиция аға сержанты Сымбат Мажитованың қызы Медина Қайырлы, 7-9 жас аралығы бойынша Индер АПБ Штаб инспекторы полиция майоры Тілекші Шамұратованың ұлы Алихан Сембаев, 10-12 жас аралығы бойынша Индер АПБ ЖПҚБ ЮПТ КТІЖ аға инспекторы полиция майоры Гаухар Құбашеваның қызы Ақтоты Хамидуллина жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанды.

Міне, елімізде орын алған коронавирус пандемиясына орай, үйде отырып, байқауға қатысып, бағы жан бүлдіршіндерді аудандық Полиция бөлімінің бастығы Б.Джанзақов қабылдап, құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтар табыс етті.

Диас АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521