Тіл мерекесінде кәсіпорындар сынға түсті

Индер аудандық орталық кітапханасында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты тақырыпта зияткерлік ойын өткізілді.

Шараның мақсаты - тілдік мәдениет пен жалпы адами рухани құндылықтарға негізделген қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты, қазақстандық бірегейлікті, өзара түсіністікті нығайту, дамыту, қазақ тілінің мәртебесін биіктету. Ауданымыздың рухани ордасы-орталық кітапханамен танысып, ой сергітіп қайту.

Тіл бәйгесіне ауданымыздың экономикасын көтеруде айтулы үлес қосып жүрген ірі кәсіпорындар - «ИСИ Гипс Индер» ЖШС, «INDERTUZ COMPANI» ЖШС, «Индер Гипс» ЖШС, «Индер желілік-өндірістік кәсіпорыны» басқармасы мамандарынан құралған   4 команда қатысты.

Аудандық кітапхана басшысы Д.М.Аренова барша шараға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі. 

Сайысқа қатынасушыларға зейнеткер- ұстаздардар Қажымұратова Жамал, Мұқанғазина Ғалия және «Индер аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ басшысы Д.М.Аренова қазылық етті.  

Зияткерлік ойын  «Сергіту», «Салт - дәстүр», «Сөз-мағына», «Мақал-мәтел», «Өлеңнің жалғасын тап» атты 5 кезеңнен тұрды.

Әділ қазылардың шешімімен ең үздік, ең ұтқыр топ анықталып, байқау қорытындысы бойынша дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Атап айтсақ:

 «Индер Гипс» ЖШС құралған «Дода» командасы 1-орын.

«ИСИ Гипс Индер» ЖШС құралған «Кнауф Гипс» командасы – ІІ орын.

«Индер желілік-өндірістік кәсіпорыны» басқармасынан құралған «GasLine» командасымен

«INDERTUZ COMPANI» ЖШС құралған «Индертұз» командалары ІІІ орынды иеленді.

Шараны жүргізуші, аудандық кітапхананың кітапханашысы А.Зекенова оқу залындағы тақырыптық көрмелермен таныстырып,  «Тіл-ұлттық белгі, халықтық мұра» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу  жасады.

Осылайша Тіл мерекесіне арналған шара өз мәресіне жетіп, барша қатысушылар зор ризашылықпен, қимастықпен қоштасты.

Аудандық кітапхана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT