Тербет елді, Тәуелсіздік ұраны

Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған «Тербет елді, Тәуелсіздік ұраны» тақырыбында аудандық жаңа мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.

Жиында аудан әкімі Серік Арыстан аудан жұртшылығын мерекемен құттықтап, өңірдің ширек ғасырда қол жеткізген толайым жетістіктерін тізбектеп өтті.

Мемлекетіміздің мәртебесін өсіріп, мерейін әспеттеген мерекеде қазақтың дәстүрлі әндерін облыс, республика көлемінде насихаттайтын ән-термеші Айдар Иманғалиевты «Астана қаласына – 20 жыл» мерекелік медалімен, Өрлік ауылының ардагерлер алқасының төрағасы Болат Дәулетов пен Жарсуат ауылдық округінің әкімі Әлияфолла Балахметовті «Индер ауданының Құрмет Грамотасымен» және Индер мұнай айдау станциясының аға шебері Сағытжан Бисенов, аудандық «Дендер» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Саламат Базарбаев, аудандық орталық ауруханасының акушері Ғалия Ханатова, Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Әдемі Борашеваны облыс әкімінің және Бөдене ауылдық окургінің өртке қарсы азаматтық еріктісі Сапарғали Жұмағұлов, «Батухан» ШҚ-ң басшысы Руслан Жаншин, Көктоғай ауылдық окургі әкімі аппаратының бас маманы Қайрат Табылдиев, аудандық экономика және қаржы бөлімінің маманы Надежда Каримова, аудандық орталық кітапхананың кітапханашы маманы Әмина Қаракешованы аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Толығырақ газеттің 20 желтоқсандағы санынан оқи аласыздар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT