Аудан әкімі Д.Д.Шамұратовтың қаулысына сәйкес ағымдағы жылдың 15наурыз - 15мамыр аралығында "Индербор кентін көріктендіру және санитарлық жай-күйі" атты тазалық айлығы басталды.
Осыған орай сенбі күні сағат 9:00-12:00 аралығында мекеме қызметкерлері №11 участок, Нұрманов №62, Тайсойған көшесі, Достық көшесі, Махамбет көшесі, Б.Момышұлы көшесі, Қаражанов көшесі, Қонаев көшесі, Жиделі көшесі, "Меңдіғалиев" саябағы, Есім хан көшелерінде сенбілік өткізді.