Тазалыққа мекемелер белсенділікпен қатысты

Индер ауданда 15 наурыз - 15 мамыр аралығына көктемгі санитарлық-тазалық айлығын өткізу туралы аудан әкімінің арнайы қаулысы шыққан болатын. Сенбіде өтуі тиіс алғашқы сенбілік күн райының күрт нашарлауына байланысты осы аптаның сейсенбісіне шегерілген еді.

Аспан ашылып, күн шуағы шашылып тұрған бұл күні аудандағы барлық дербес бөлім, мекеме, білім беру ұйымының қызметкерлері кенттегі өз жұмыс орны аумағын тазарту жұмыстарын жүргізді. Оған елді мекеннің көркіне тазалықпен көрік қосуды құптаған 52 мекемеден 213  қызметкер қатысты. Нәтижесінде 1 трактор тіркемесімен және 1 жүктиегіщ  пайдаланылған сенбілікте 90 куб қоқыс шығарылыпты.

Индербор кенті әкімі аппаратының бас маманы Майгүл Қизатова мекемелер белсенді түрде тазалыққа атсалысып, қарқынды жұмыстар атқарғандығын айта келе, алдағы уақытта өткізілетін барлық сенбіліктерге тұрғындарды да белсенді қатысуға шақыратынын жеткізді.

Айта кетейік, тазалық айлығы аясында қоқыс алаңшаларын санитарлық талапқа сай келтіру, тұрмыстық және басқа беталды пайда болған қоқыс үйінділерін, металл сынықтарын, құрылыс қалдықтарын елді мекен аумағынан шығару, сондай-ақ, бұзылған ғимараттың орнын тазарту, стихиялық сауда орындары мен автокөлік құралдарының уақытша тұрақтарына тыйым салу, тұрғын үйлердің және әлеуметтік-мәдени, қоғамдық орындардың, ғимараттардың қасбеттері мен дәліздерін тәртіпке келтіру, көпқабатты үйлердің жертөлелерін судан тазарту және кептіру, инженерлік желілердегі ақауларды жою, бұралқы иттер мен мысықтарды жою, барық елді мекендерде көше жарығын, жарнамалық маңдайша жазуларды, билбордтарды тексеріп, оларға жөндеу жүргізу, жасы желекке үнемі күтім жасау  жұмыстары айлық барысында атқарылады деп күтілуде.

Айта кетейік, ертеңгі сенбілік Жайык жағасын тазалауға арналмақ.

tazalyk2

Ж.НАРИМАНОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT