Табылдың әндері Мәскеуде шырқалды

Ресей Федерациясының астанасы Мәскеудің төрінде қазақтың тұңғыш бард-ақыны, жерлесіміз Табылды Досымовтың шығармашылығына арналған жыр кеші өтті.

Шығармашылық кеш үлкен қаланың әлемге танымал атақты Кино үйінің үлкен залында өтіп, оған Мәскеудегі қазақ қауымдастығының өкілдерімен қатар, орыс, қырғыз, татар, беларус, тағы басқа ұлттардың өнер сүйер қауымы жиналыпты. Т.Досымов атындағы республикалық қоғамдық қорының директоры Бижан Қалмағанбетовтың айтуынша, Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың құттықтау сөзімен ашылған кеш көрерменді бірден үйіріп әкетті. Алдымен Табылды Досымов туралы «Өмір жолы» атты деректі фильмі жіберіліп, ақынның көзі тірі кезіндегі бейнебаянмен көрермендер біраз тың мәліметтерге қаныққан.

Табылдың әндерін өзінің ұлы Абыл орындап, мәскеулік өнер сүйер қауымынының ыстық ықыласына бөленген екен. Абыл Табылдыұлы бүгінде әкесінің жолын қуған, Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер институтын тамамдағанын айта кетейік.

Толығырақ Дендер газетінің 25 сәуірдегі санынан оқи аласыздар

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика