16 шілде күні жантүршігерлік жол апаты болды.
Айталық, дәл осы күні сағат 00:30 шамасында "Атырау-Орал" тас жолының Атырау қаласына кіре берісінде "Toyota Camry» көлігінің 1999 жылы туған жүргізушісі көліктің басқару жүйесін игере алмай, аударылып, жол-көлік оқиғасын жасаған.
Соның салдарынан екі жолаушы оқиға орнында мерт болса, көлік жүргізушісі мен бір жолаушысы облыстық аурухананың жансақтау бөлімшесінде қаза болған. Ал қазіргі кезде тағы бір жолаушы әр түрлі дене жарақатымен аурухананың жансақтау бөлімінде.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚК 345-бабының 4-бөлігімен жүргізілуде.
Атырау облыстық полиция Департаменті