ТҰРАЛАП ҚАЛҒАН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қаржылық қиындықтарға байланысты бұдан бес жыл бұрын жұмысын тоқтатқан «BIAS TECH» құрғақ қоспалар шығару зауыты бүгін қайта іске қосылды.

Зауытты жалға алу және сатып алу келісімшартына сәйкес, «FincraftResources» АҚ мекемесінің еншіліс компаниясы «Ақтау Битумы» ЖШС техникаларды қалыпқа келтіріп, зауыт жұмысын оңалту бағытында жұмыстарын бастады. Зауыттың қаржылық директоры Дамир Мусиннің айтуынша, зауыттың өндірістік қуаты жылына 125 мың тонна гипс және гипс негізіндегі құрғақ қоспаларды шығаруға жеткілікті. Сондай-ақ, зауыт жұмысын одан әрі дамытып, жергілікті өнімді ішкі нарықтан бөлек, шет мемлекеттерге де экспорттауды жоспарлап отыр.

Ең бастысы, қазіргі уақытта жұмысшылардың 95 пайызын жергілікті жердің тұрғындары құрайды. Алдағы уақытта 82 азаматты жұмыспен қамтуды жоспарлап отырған зауыт аудандағы жұмыссыздық мəселесін шешуге осылайша өз үлесін қоспақ. Айта кетейік, тек нысанды іске қосу үшін 4 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсаған.

Зауыттың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев қатысып, аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлының атынан құттықтауын жеткізді. Ал геология саласының академигі Хасан Қамашев пен зауыттың қаржы жөніндегі директоры Дамир Мусин ресми түрде зауыттың алғашқы өнімін шығару үшін қондырғы тетігін басты. Сөйтіп, қуанышты сəттің куəсі болған көпшілік зауыттың ішін аралап көрді.

 

Толығырақ «Dender» газетінің кезекті санынан оқи аласыздар

Индер ауданы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT