Тұрғындар миллардқа жуық қаржы бөлінген жолдың сапасына алаңдайды

Биылғы жылы Индер ауданында жылдағыға қарағанда жол жөндеу жұмыстары қарқын ала түсті. Аудан орталығымен қатар ауылдық округтер ішінде де асфальт төселуде. Соның қатарында 2700-ге тарта халық, 471 отбасы түтін түтеткен Көктоғай ауылдық округінде де жалғасын тауып автокөлік жолдарымен қатар жаяу жүргіншілер жолы да салына бастапты.

Ауыл ауыл болғалы мұндай кең көлемді жол салу жағдайы өз тарихында болмаған көрінеді. "Бәрі де жақсы ауыл көркеюге бағыт алды. Енді тек осы жол сапалы салынса екен" деген тілек те айтылып жатқанын құлағымыз шалды. Бұл ретте техникалық байқаушылар да өз жұмыстарына жауапты қарауы керек.

koktogaj

Жалпы құны миллиардқа пара-пар жолдың құрылыс жұмыстарын облыстық «Атырау-Жолдары» ЖШС атқарып отыр екен. Жол салу саласында едәуір тәжірибесі бар мекеменің өкілі Қайрат Хайроллаұлының айтуынша, бөлінген қаражаттың күні бүгінге 400 млн үстінде жұмыстары жасалған. Жылдың аяғына дейін жолды тапсыруға тырыспақ. Ауылдық ішкі жолда 21 көше бар. Соның 5 көшесі қалған. Басқа жұмысы аяқталу үстінде.

Аталған ауылдағы Бейбітшілік, Атамбаев, Сейфуллин, Тәуелсіздік, Нысанбаев, секілді тағы басқа да көшелерді қамтитын жолдың ұзындығы 12 км 900 метрді құрайды. Қазынадан миллиардтап қаржы бөлінген жөндеу жұмыстары өткен мамыр айының аяғында басталыпты. Оның сыртында 4 км жаяу жүргіншілер жолының құрылысы да қатар жүруде. Бұл жөндеу жұмыстарын алғашқы қар түсетін қараша айына дейін толыққанды аяқтау жолшылар үшін үлкен міндет болып отыр.

Салынған жолдың сапасына 2 жыл кепілдік берілмекші. 

zhol

«Стройинтеграция» ЖШС техникалық бақылаушысы Асылжан Болатұлының айтуынша өзі де осы жердің тумасы екен. Ол құрылыс сапасы жөнінде өз пікірін білдіруді де ұмытпады.

-Мен осы Көктоғай ауылының тұрғынымын. Жолдың сапасы бойынша айтар болсам құрылыс жоба бойынша салынуда. Ешқандай ауытқулар жоқ. Тұрғындардан өкпе-реніште түсіп тұрған жоқ. Тиісті талаптарға сай атқарылуда. Жолдың бірінші қабаты геотикспен, екінші қабаты 15 см гравий топрағымен, одан кейін 15 см шпс, 15 см бетонды топырақ, сосын асфальт төселеді. Барлық жұмыстар тиісті талап деңгейінде жүргізіліп жатыр. Туған ауылым болғасын сапалы жүргізілгенін қалаймын ғой,-дейді техникалық қадағалаушы.

Жол құрылысына қажетті түрлі топырақ қоспалары Индербор кентіндегі каръерлерден тасымалданса, қиыршық тастар көршілес Ақтөбе облысынан әкелінуде екен. Пандемияның салдарынан кеш басталған жол салу жұмыстарын қайткен күнде де сапалы салынып әрі уақытында бітуін ауыл халқы асыға күтіп отыр.

С.КӨШЕКОВ

Көктоғай ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT