Төл басылымыңыз, төріңізде болсын

Бүгінде ақпарат кеңестігіне теледидар мен интернет ресурстары қосылғанымен дәстүрлі төл басылымға деген халықтың сұранысы кеміген жоқ.

Биыл таралымымыз 3700-ден асып отыр. Ақпарат айдынында өзіндік орны бар аудандық газет өткен жылды табысты аяқтап, ойлы оқырмандардың ордасына айналды. Жаңа жылда да оқырман сұранысын қамтамасыз ету үшін жүйелі жоспармен іске кірісуде. Айтпақшы, биыл жаңалықтың жаршысы «Дендер» қоғамдық-саяси газеті өзінің 85 жылдығын атап өтпекші.

Сонымен қатар ғұмыр бойы аудандық газетті жаздырып алып, кешіксе бір заты жоғалғандай мазасыздана іздеп, редакцияға қоңырау шалатын оқырмандарымызға үлкен ризашылығымызды білдіреміз.

Сондай-ақ газет арқылы аудан халқын кәсіби мерекелермен құттықтап, әр кез жылы лебіздерін жолдап жүретін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Индер аудандық бөлімшесінің басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты, Индер желілік- өндірістік газ басқармасының басшысы Лұқпан Шүйінішқалиев пен кәсіподақ комитетінің төрағасы Аманқос Қапсәлімов, «ИсиГипс-Индер» ЖШС бас директоры Жолдас Үмбетьяров, «ПромСтройЦентрСервис» ЖШС басшысы Абай Ермұқанов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берік Шакимов, Индер мұнай айдау стансасының басшысы Шафхат Қомашев, аудандық статистика басқармасының басшысы Әділгерей Сәкенов, аудандық балалар спорт мектебінің директоры Мәлік Биғамбаев пен жергілікті округ басшыларына да халықтың ықыласы бөлек.

Ендеше, жаңа 2019 жыл баршаңызды мол табыс пен отбасылық бақытқа кенелте беруіне тілектеспіз. Төл басылымыңыз төріңізде болсын, ағайын!

Д.АЙБАР.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT