«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акцияcы жүргізілуде

Құрметті  аудан  тұрғандары!!!

 Елімізде  «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акцияcы  жүргізілуде екенін  хабарлаймыз.

Акция электронды форматта көлеңкелі экономикаға қарсы «Wipon Cash BACK» мобилді қосымшасы арқылы өткізіледі. App Store немесе Play market-тен «Wipon» мобилді қосымшасын тегін жүктеп алып, фискалды чекті бермеу бұзушылық фактілері туралы хабарлауға болады.  Фискалды чекті бермеу фактісі расталған жағдайда телефонның теңгеріміне (1000 теңге) сыйақы алуға болады.

«Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына кез келген үміткер қатыса алады. Барлық жолданған өтініштер мемлекеттік кірістер органдарында қаралады.

Индер ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы барлық азаматтарды өздерінің азаматтық ұстанымын, заң бұзушылыққа төзбеушілігін білдіруге және «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясына белсенді түрде қатысуға шақырады.

 Индер ауданы  бойынша мемлекеттік  кірістер  басқармасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT