Спорт – тек денсаулықтың кепілі ғана емес, ол мінез-құлықты шыңдап, табандылыққа, жеңіске ұмтылуға үйретеді. Балалар мен жасөспірімдер арасында спортты дамыту – болашақ чемпиондарды тәрбиелеудің негізі. Бізге қолжетімді спорт инфрақұрылымы мен жаттығу мүмкіндіктері қажет.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдағы сөзінде айтылғандай: "Спортты насихаттау, оны әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеу – ұлт саулығының кепілі."
Бұл сөздер спорттың тек жеке адамның ғана емес, тұтас ұлттың денсаулығына әсер ететінін көрсетеді. Сондықтан әрбір жасөспірімге спортпен айналысуға мүмкіндік беру – біздің ортақ міндетіміз.
Самиғолла Піштібаев,
Индер аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы