Шаруагер: "Президент қолдауы бізді айналып өтуде"

Президентіміз барлық қолдау, бүгінгі азық-түлік бағдарламасын іске асыруға жұмылған даладағы нақты шаруагерлерге жасалсын десе, ол жеңілдік бізді айналып кетуде. Әзірше ол қаржы құрылымдарының біздің жағдайды түсініп, қолдауын сезініп отырғанымыз жоқ,- дейді «Шаңырақты» шаруа қожалығының төрағасы Амантай Қабдол.

 егінші жігіттің ерте көктемнен жерлестерін үйі жанындағы жылыжай өнімдерімен қамтып отырса, енді міне алқаптағы ақ шатырдың ішіндегі өнім де қазір жинап алса да дайын тұр жайқалып.

Далалық жылыжайды материалдарды жинақтап өз күшімен салған шаруагер жерлестерін табиғи өнімдермен қамтып отырған көрінеді. Айтуынша, жұмысқа кісі қолы тапшы, әзірше, оған 3-4 ауылдасы және жолдасы Балзия бастаған отбасы мүшелері көмектесіп жүр екен. Биыл 30 гектарға картоп, пияз, бау-бақша, тағы басқа тұқымдарын егіп, күтімге алған шаруагер осы жұмыстан біраз тәжірибе жинағанын да жасырмады.

-Менің бір таңқалатыным, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» деп аталатын құрылымның ертелі-кеш далада жүрген бізге емес, бүгінгі карантин кезінде тойхана, мейрамхана иелеріне несие төлемін қайтаруға жеңілдік жасап, бізді ұмытқаны болып отыр. Осыны түсіне алар емеспін. Президентіміз барлық қолдау, бүгінгі азық-түлік бағдарламасын іске асыруға жұмылған даладағы нақты шаруагерлерге жасалсын десе, ол жеңілдік бізді айналып кетуде. Әзірше ол қаржы құрылымдарының біздің жағдайды түсініп, қолдауын сезініп отырғанымыз жоқ,-дейді Амантай.

Ол мұндай қиындықтың түрін өткен карантин кезіндегі орталықпен байланыс шектеліп, түрлі техника жөндейтін, бөлшектер сататын орындардың жабылып қалуынан да көргенін жасырмады. Амалсыз, сонау Орал қаласына барып, біраз шаруасын сол жақтан шешуге мәжбүр болыпты.

sharua

Ал аудандық салалық бөлімнің бас маманы Абай Әбдіров егін саласындағыларға тиесілі тыңайтқыш пен су үшін берілетін субсидиялардың тиісті құжаттарын уақтылы дайындаған қожалықтардың шоттарына аударылып жатқанын айтады.

-Негізі жылма-жыл «Атырау-Сушар» Индер бөлімшесімен 24 шаруа қожалығы су алуға шартқа отыратын болса, бұл жұмыс биылы да жалғасу үстінде. Егер уақтылы шартқа отырған жағдайда қожалықтар алған суының 80 пайызының құны субсидия арқылы өтеледі. Сондықтан да қожалықтар басшылары осы жұмысты басты назарда ұстауы тиіс,-деді бас маман.

Біз қожалық мүшелері атқарып жатқан игі істің берекетті болып, алдағы уақытта қиындықтар қатарының жеңілдей түсетініне сенім білдірдік.

Шынында да қолдау қорының шаруагерлерді қолдамауы түсініксіз жағдай екен.

С.БИСЕНОВ,

Индер ауданы

Көктоғай округ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT