Шағын кәсіпкерлікті көтеру міндеті тұр

Жарсуат ауылдық округінің даму динамикасы қалыпты.

Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда көптеген жұмыстар атқарылған. Дегенмен, мемлекет тарапынан қолдау болғанмен шағын кәсіпкерлікті көтеру ісі кенжелеп тұрған жайы бар. Ауыл әкімі А.Балахметовтың халық алдындағы есеп беру жиынында осы мәселелер жан-жақты талқыланды.

Округ бойынша арғы жылмен салыстырғанда төрт түлік төлінен көбейіп, 106%-ға өскен. Яғни 3522 бас ірі қара, 13 772 бас қой-ешкі, 1 205 бас жылқы, 523 бас түйе бар. «Жарсуат» ӨК-і және «Асыл-Агро», «Дәулет», «Дауталиев Азат», «Қазиза», «Амангельдиева», «Сұлтан» шаруа қожалықтарына асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуларына байланысты 9 079 500 теңге субсидия төленсе, кәсіпкер «Қағазов» шағын мал сою пунктін қолға алыпты. Егін шаруашылығымен «Асыл-Агро», «Батухан», «Молымбет» шаруа қожалықтары айналысса, Жарсуат, Құрылыс ауылдарында жазғы су құбырлары тұрақты жұмыс жасауда. Ол тұрғындарға жеміс ағаштарын, бақша, көкөніс дақылдарын өсіруге мол мүмкіндік екені сөзсіз. Ветеринариялық жұмыстар бойынша мал басын сырғалау, қан алу және егу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп, 4 мал дәрігері осы бағытта еңбек етеді. Өткен жылы 13 тұрғын үй салынып, 2017 жылмен салыстырғанда 23 пайызға артыпты. Енді жер учаскесін сұраған 30 адам кезекте тұрған көрінеді.

Баяндамашының сөзінен соң зейнеткер Ж.Азанов Елбасы тапсырмасына сай ауылда біраз жұмыстар жасалғанын, оған қанағаттанарлық баға беретінін айта келе тазалық жайын, бұрынғы кеңшарда жасаған ардагерлер ескерусіз қалып жүргенін, ауыл тұрғыны Б.Өтеманов көше жолдарын жөндеуді одан әрі жандандыру, мал ұстау үшін судың тапшылығын шешу, округ көлемінде ауыл малының жайылымының сақталуын қамтамасыз ету, ірі шаруашылықтардың жерді бөліп алмауын қадағалау, ауыр жүк көліктерінің жерді бүлдіруі сынды өзге де жайларды назарға салды. Сонымен қатар еңбек ардагерлері М.Берғалиев, Б.Аталық, С.Өтешовалар тарихи өлкенің ерекшелігін, барлық жағдай жасалғанымен қатар көліктердің көшеде жоғары жылдамдықпен жүретінін, учаскелік инспектордың жұмысын жандандыру, ардагерлер еңбегін бағалау сынды ойларымен де бөлісті. Жиында Махамбет атындағы орта мектептің мұғалімі Ж.Төремұратова жаңа пәтерге ие болғанын, сол үшін алғысын жеткізсе, аудандық мәслихат депутаты Ө.Оразғалиев та өз ойын ортаға салды.

Жиын соңында аудан әкімі М.Қалауи алда атқарылатын жұмыстардың негізгісіне тоқталып, ыстық ықыластары үшін жарсуаттықтарға алғысын білдірді.

Ж.Исламғалиев,

Жарсуат ауылы.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика