СЕРВИСТІК ОРТАЛЫҚ ҚҰРЫЛСА...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВТЫҢ БИЫЛҒЫ ЖОЛДАУЫ – ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА ДАМУ КЕЗЕҢІНДЕГІ НАҚТЫ БАҒДАРШАМЫ. ОНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ, ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ ЖӘНЕ ӨҢІРЛІК ӘЛЕУЕТТІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КЕҢІНЕН ҚАМТЫЛДЫ. БҰЛ БАҒЫТТАР – ТЕК МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҒАНА ЕМЕС, СОНЫМЕН ҚАТАР БІЗ СИЯҚТЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ДЕ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ДЕП ҚАБЫЛДАЙМЫЗ.

Индер ауданында туып- өскен, осында өз кәсібімді жүргізіп отырған азамат ретінде, Жолдауда көтерілген міндеттердің аудан деңгейінде қалай жүзеге асуы мүмкін екенін өз тәжірибем негізінде ортаға салғым келеді. Соңғы жылдары ауданымызда шағын және орта кәсіпкерлік саласында оң өзгерістер байқалуда. Кәсіп бастаймын деген азаматтардың саны ар - тып келеді. Әсіресе жастар мен ауыл тұрғындарының белсенділігі ерекше. Бұл – мем - лекет тарапынан көрсетіліп отырған жүйелі қолдаудың, гранттар мен жеңілдетілген несиелердің және кәсіпкерлікке бағытталған оқыту курстарының нәтижесі деп білеміз. Аудан көлемінде өндірістік және әлеуметтік бағыттағы бірқатар ірі жобалардың дайын - далып жатқаны қуантады. Бұл жобалар іске асқан жағдайда шағын және орта бизнес өкілдеріне серіктес болуға, қосалқы қызмет көрсетуге және тауар жеткізуге үлкен мүмкіндік туғызары сөзсіз. Сондықтан мұндай жобаларды кешенді даму моделі ретінде қарастырып, оны шағын кәсіпкерлікпен ұштастыра жүргізу қажет деп есептеймін. Сонымен қатар кәсіпкерлікке деген қызығушылық артқан сай- ын нақты қолдауға деген сұраныс та өсіп отыр. Әсіресе құжат рәсімдеу, бағдарламаларға қатысу, ақпарат алу сияқты практикалық көмек қажет. Көп жағдайда азаматтар бизнес бастау жолын білмей, тиісті мәліметке қол жеткізе алмай жүреді. Осыған байланысты аудан көлемінде «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлікке арналған сервистік орталық құруды ұсынамын. Мұндай орталық кәсіпкерлерге нақты кеңес беріп, құжаттар рәсімдеуге жәрдемдесіп, мемлекеттік органдармен байланысын жеңілдетер еді. Бұл бастаманы «Атамекен» кәсіпкерлер пала - тасымен бірлесіп жүзеге асыру – тиімді әрі нәтижелі боларына сенемін. Сонымен бірге, ауданымыздағы туризм са- ласына қатысты бірқатар ұсынысымды ортаға салғым келеді. Индердегі тұзды көл мен су толған карьер бүгінде халықтың бейресми демалыс орнына айналып отыр. Бұл табиғи нысандардың емдік және рекреациялық әлеуеті жоғары. Алайда инфрақұрылымның болмауы – осы бағыттағы мүмкіндікті толық пайдалануға кедергі. Көлге апаратын жол нашар, санитарлық жағдай сақталмаған, ауыз су мен жарық жүйесі қарастырылмаған. Сонымен қатар қауіпсіздік пен тазалық мәселесі де шешілмеген. Қазіргі жағдайда бұл нысандар бейбе- рекет пайдаланылып, табиғи ортаға зиян келу қаупі бар. Осыған орай, бұл нысандардың құқықтық мәртебесін анықтау, қажет болған жағдайда олар- ды коммуналдық меншікке өткізу мәселесін қарастыру, инфрақұрылым тартуға бағытталған жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеу, кәсіпкерлерге ашық, тең мүмкіндік беру арқылы бұл нысандарды қауіпсіз әрі тиімді туризм нысандарына айнал - дыру шараларын қажет деп санаймын. Бұл бастамалар іске асқан жағдайда, туризм сала - сына серпін беріп қана қоймай, аудан экономикасына да оң ықпал ететініне сенімдімін. Жанат ШОПАНОВА, кәсіпкер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

AQPARATPRINT