Атырауда демеушілердің қолдауымен сәндік ағаштар отырғызылуда

Қаланы көгалдандыру мақсатында Атырау аумағында түрлі сәндік ағаш түрлері отырғызылуда.

Атап айтқанда: • 950 ясень, • «Экстра» сұрпындағы 195 қарағай, • «El Blue Seeding» түріндегі 400 шырша. Отырғызу жұмыстары Геолог ықшамауданындағы жаңа саябақта, Атырау және Дамбы ауылдық округтерінде, Авангард жағалауында, Жастар саябағында, Исатай–Махамбет алаңында және облыс әкімдігі ғимаратының маңында жүргізілуде. Жұмыстар демеуші ұйымдардың қолдауымен, бюджет қаражатын пайдаланбай атқарылуда. Ағаштарды отырғызу және кейінгі күтіміне арнайы қызметтер жауапты.

Табиғатты аялау — келер ұрпаққа қосқан үлес!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT