ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРҒА ИНТЕРНЕТ ЖЕТТІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ БИЫЛҒЫ ЖОЛДАУЫНДА ЦИФРЛАНДЫРУҒА ЕРЕКШЕ ЕКПІН БЕРІЛІП ОТЫР.

Енді міне, жылдамдығы жоғары интернет ауданымыздың ең шалғай елді мекендеріне дейін жетіп отыр. Аудан әкімінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Жарсуат ауылдық округіне қарасты шалғай ауылдар – Кетебайда, Қызылжар мен Ақтан елді мекендерінде жоғары жылдамдықты интернет желісі орнатылды.

– Шалғайдағы ауылымызға интернет қосылып, ұялы байланысқа қол жеткізіп жатқанымызға қуанып қалдық. Қажетті шаруамызды енді ұялы телефон арқылы шешетін жағдайға жетіп жатырмыз. Бұған дейін мұндай жағдай болмаған еді. Ауылда орналасқан 10 үйдің тұрғындары үлкен қуанышқа кенелуде. Барша тұрғындар атынан игілікті істі жүзеге асырып отырған жергілікті әкімшілікке ризашылығымызды білдіреміз, - дейді Кетебай ауылының тұрғыны Естай Қуаныш.

Айта кетейік, жалпы аталған елді мекендерде 37 тұрғын үйде 159 адам тұрады. Бұл жоба ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

AQPARATPRINT