«Кеше Ильхам Әлиев Әзербайжан өз аумағы арқылы Армения бағытына жүк транзитіне қойылған шектеулерді алып тастайтынын мәлімдеді.
Бұл — аса маңызды мәлімдеме, және мен Әзербайжан Президентіне осы қадамы үшін ризашылығымды білдіргім келеді.
Сондай-ақ бұл келісімге қол жеткізуде маңызды рөл атқарған Қазақстан Президентіне және Грузия Премьер-министріне алғысымды білдіремін», — деді Армения Премьер-министрі Тбилисиде өткен V «Жібек жолы» форумында.