Бүгінде ауданымызда кәсіпкерлік саласында нақты нәтижелер байқалады. 2050 шағын және орта бизнес субъектісінің жұмыс істеуі – экономикалық белсенділіктің артып келе жатқанын көрсетеді.
«Бастау-Бизнес» жобасы аясында 164 азаматтың кәсіпкерлік негіздерін онлайн оқуы – халықтың өз ісін ашуға деген қызығушылығының артқанының айғағы. Сонымен қатар 23 жобаға 623,2 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие беріліп, 31 жоба 48,7 млн теңге мемлекеттік грант арқылы қолдау тапты. Бұл нақты қолдау кәсіпкерлерге сенім мен жаңа мүмкіндік беріп отыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында да кәсіпкерлікті дамытуды, әсіресе шағын және орта бизнесті қолдауды ел экономикасының маңызды басымдығы ретінде атап өтті. Мемлекет басшысының «Кәсіпкерлікті дамыту – жаңа экономикалық өсімнің өзегі» деген сөздері біздің өңірде де іс жүзінде жүзеге асып келеді.
Қорыта айтқанда, мемлекеттік бағдарламалар мен Президент Жолдауының басым бағыттарын тиімді орындау арқылы жаңа идеяларға жол ашылып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артып келеді.
Айгүл Үмітқалиева,
Индер адандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және
туризм бөлімінің басшысы