Үкімет: бюджет әлеуметтік салаға бағдарланған күйінде қалып отыр

Мәжілістің жалпы отырысында «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын қарау барысында қаржы министрі Мәди Такиев бюджет шығыстарының негізгі бағыттарына тоқталды.

«Бюджет әлеуметтік салаға бағдарланған күйінде қалып отыр. 2026 жылы әлеуметтік салаға 10,7 трлн теңге бағытталады, оның ішінде 6,8 трлн теңге – әлеуметтік төлемдер және 3,9 трлн теңге – адами капиталға инвестициялар. Үкіметтің басты міндеті – құрылымдық реформалар және шығындардың тиімділігін күшейту арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту. 2026 жылы халықты әлеуметтік қорғауға 6,8 трлн теңге бөлінді»,

— деп атап өтті министр.

Мәди Такиев негізгі шешімдердің бірі әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың цифрлық тетіктерін дамытуды бастау және проактивті форматқа көшу екенін айтты. Бұл адами факторды азайтады, бюрократияны төмендетіп және көмек көрсетуді тездетеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT