«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Атырау облысы Полиция департаментінің нұсқауына сай, браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында,  ағымдағы жылдың 20 қазаны мен    19 қараша аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

 Іс-шараны  өткізу кезеңінде жедел-іздестіру топтары құрылып, олармен  мына  бағыттар  бойынша  шаралардың өткізілуі қамтамасыз етіледі:

- Табиғатты  қорғау  заңнамасын бұзу және табиғатты заңсыз пайдалану фактілерін анықтау; (сирек кездесетін және жойылып кетуге қауіп төнген жануарлар мен өсімдіктер, киікке, балық ресурстарына қатысты браконьерлікке, оның ішінде ағаштар мен бұталарды кесу, оның ішінде сексеуілді кесу және сату, инертті материалдарды заңсыз алу және т.б.).

 - Заңсыз  алынған биоресурстар объектілері мен өнімдерін (мүйіз, ет, тері және т.б.) сатып алу, өткізу, сату орындарын, сондай-ақ олармен заңсыз айналысатын топтар мен адамдарды анықтау;

 - Бұрын тіркелген экологиялық құқық бұзушылықтарды ашу жөніндегі іс-шаралар өткізу;

 - Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық органдарымен бірлесіп браконьерлікке қарсы күрес, аң аулау және балық аулау қағидаларын бұзу фактілерін анықтау мақсатында, аңшылық шаруашылық және жайылым аумақтарында пайда болған аңшыларға, оның ішінде аңшылық қаруды кіргізу және шығару тәртібін, көші-қон заңнамасы талаптарын сақтау мәніне, оның ішінде аң аулау мақсатымен Қазақстан Республикасына келген шетел азаматтарына тексеру жүргізу;

 -  Азаматтарда аңшылық атыс қаруы мен патрондарды, суық қаруды сақтауына, алып жүруіне, аң, балық аулау, ағаш кесу, табиғатты пайдаланудың басқа түрлерін дайындау құқығына, сондай-ақ барлық биологиялық ресурстар түрлерінің объектілері мен өнімдерін тасымалдауға рұқсат құжаттарының бар-жоғы мәніне автожолдарда, оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдарда көлік құралдарын тексеру;

-  Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулаудың тыйым салынған құралдарын, оның ішінде моножіптерден синтетикалық балық аулау ауларын сатып алу және сату орындарын анықтау;

   Аудан тұрғындарының назарына заңсыз аң, су жануарларын аулау, ағаш кесуге болмайтындығын, егерде аталған құқық бұзушылықтарға жол берген жағдайда әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз.

   Ғ.Жұмағалиев,

Индер АПБ ЖПҚБ бастығы полиция майоры                                                       

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

AQPARATPRINT