Атырауда 200-ге жуық ұстаз Құсиын Айтқалиұлының 95 жылдығына арналған ғылыми жиында бас қосты

Атырауда ұлт руханияты мен педагогика тарихында өшпес із қалдырған көрнекті ағартушы Құсиын Айтқалиұлының туғанына 95 жыл толуына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Басқосуға еліміздің әр өңірінен келген 200-ге жуық педагог қатысты. Олардың 100-і онлайн форматта баяндама жасап, білім саласындағы тәжірибелерімен бөлісті.

- Конференцияға өңірдің барлық ауданы мен қаласынан, сондай-ақ жоғары оқу орындарынан мұғалімдер белсене қатысты. Олар Құсиын Айтқалиұлының еңбектерін кеңінен талқылап, білім мен тәрбие мәселелерін ортаға салды. Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес біз конференция аясында жасанды интеллект тақырыбы бойынша арнайы секция ұйымдастырдық. Іс-шара жоғары деңгейде өтті және педагогтар үшін тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналды,- деді «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Қылышбай Сүндетұлы.

Жиын барысында қатысушылардың ғылыми баяндамалары тыңдалып, үздік жұмыстар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар конференция материалдары жинақ түрінде жарық көрмек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT