Салымшыларға зейнетақы жүйесі түсіндірілді

Еліміздегі зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту, жетілдіру жұмыстарын реттейтін заңдарға өзгерістер мен толықтырулар ұдайы енгізіліп келеді. Ал ол өзгерістер тікелей қамтитын жеке адамдарға, яғни салымшыларға әрдайым түсінікті болуы тиіс екені тағы мәлім.

Сондықтан да аудан әкімдігі мен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі жуырда «Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы қоры» (БЖЗҚ) АҚ-ның облыстағы филилалы мамандарының орталықта аудан тұрғындарымен кездесуін ұйымдастырды. Кездесуде аталған қордың облыстағы филиалы директорының орынбасары Қарлығаш Джансариеваны осы сала қызметкері Меруерт Нұғыманова көпке таныстырған соң, олар Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейін еліміздегі зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасын іске асыруға байланысты қолға алынып жатқан шараларды сөз етті. Негізін базалық (01.07.18) және ортақ зейнетақы (01.01.98) құрайтын пирамида тектес сұлбаның екінші қатары міндетті зейнетақы жүйесі (10% жұмыскер, 5% аса қауіпті жағдайда жұмыс істейтіндер үшін жұмыс беруші есебінен) тұрады. Ал оның екінші жағын 2020 жылдан бастап міндетті шартты-жинақтаушы: яғни 5% барлық жұмыскерлерге жұмыс берушінің есебінен төленетін төлем құрайтынын әңгімеледі.

- Бұл пирамиданың ең жоғары шатырын ерікті зейнетақы жүйесі қалыптастырады. Базалық және ортақ зейнетақыны есептеу және төлеумен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы айналысады,-деген басшы ерікті жинақтаушы жүйенің мән-жайын да ашып берді.Ол ерікті зейнетақы жарналары, оны кім аударады, төлемдерді қалай алуға болады, жүзеге асыру тәртібін түсіндірді.

Бұл кездесуге келгендерге әйелдердің зейнет жасын ұлғайтуға байланысты арнайы кесте таныстырылды. Яғни 1 қаңтар 2019 жылы зейнет жасы 59 жас болып белгіленсе, оған туған күні 1 шілдеден 1960 жылдан бастап, 31 желтоқсан 1960 жылға дейінгілер кіреді.

С.ХАЛЫҚОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521