Сайлау күні таңнан бері Индерборда ауа райының құбылып, жаңбыр жауып тұрғанына қарамастан дауыс берушілердің қатары үзілмеді. Әсіресе, таңертеңгі сағат 10-ға таман ауылшаруашылық колледжінде орналасқан №113 сайлау учаскесінде сайлаушылардың қарасы көбейді.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Бағытжан Құнастың мәліметіне сәйкес, сағат 10.00-де 495 сайлаушы дауысын беріп үлгерген екен. Бұл көрсеткіш сайлаушылардың 27% құрайды.
Айта кетейік, аталған сайлау учаскесінде 1814 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде, денсаулығына байланысты 8 сайлаушы үйден дауыс бермек. Ал 8 жас алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасауда.
С. САНСЫЗБАЙҰЛЫ