Сайлау уақытына сай басталды

 Индер аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау ұйымшылдықпен басталды.

Айталық, Индербордағы 112 сайлау учаскесінде дауыс берушілер үшін барлық жағдай жасалған. Сайлау уақытында басталып, алдымен мемлекеттік Гимн орындалды.

Одан соң сайлау комиссиясының төрағасы Гүлайым Жаңбырбаева баршаны мерекемен құттықтап, дауыс тәртібін түсіндірді.

Содан соң сайлаушылар алғашқы дауысын жәшікке сала бастады.

-Біз бұрынғы ерте тұру әдетінен жаңылған жоқпыз. Бүгінде азаматтық борышым ретінде ерте келіп, өз таңдауымды жасадым,-дейді алғашқы дауыс беруші ардагер Зульфия Намазғалиева.

Осы белсенділігі үшін сайлау комиссиясы оған арнайы сыйлық ұсынды. Жалпы бұл учаскеде 1359 сайлаушы тіркелген болса, оның 21-і жас сайлаушы.

Ж.Ісім

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

AQPARATPRINT